×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

Әкім қала тұрғындарына емес, бастығына қызмет етеді — Досым Сәтпаев

26.05.2025, 14:16
Әкім қала тұрғындарына емес, бастығына қызмет етеді — Досым Сәтпаев
Ulysmedia коллажы

Алматы қаласында әкімін халық сайламағаннан кейін қаланы жоғары жаққа адал адамдар ғана басқарып отыр, ал бұл қызметке нағыз кәсіби мамандар тартылмайды. Мұндай пікірді саясаттанушы Досым Сәтпаев білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, қазір Алматы қаласының әкімі халықтың емес, жоғары жақтағы басшылықтың мүддесін көздейді. Бұл жағдайды ол «теріс іріктеудің» айқын көрінісі деп бағалайды – яғни, кәсібилік емес, «орталыққа» деген адалдық бірінші орынға қойылады.

Көп жағдайда алдыңғы әкімдер тағайындалар алдында құпия тапсырма алғандай әсер қалдыратын: қаланы барынша түтінге тұншықтырып, сейсмикалық қауіпке қарамастан мегаполисті шектен тыс тығыз құрылыстармен толтыру көзделетіндей. Салдарынан кез келген жер сілкінісі кезінде қала тұрғындарының басым бөлігі опат болатындай күйге түседі, – дейді ол.

Сәтпаевтың сөзінше, орталықтың логикасы бойынша, Алматыдағы әкім неғұрлым сәтсіз болса – соғұрлым тиімді. Себебі ондай әкім халықтың наразылығын өзіне тартып алатын найзағай тартқыш рөлін атқарады.

Бұндай әкімдер үшін бұл – проблема емес. Олар саяси ережені жақсы біледі. Оларды халықтың махаббаты үшін емес, керісінше қоғамдағы бүкіл теріс эмоцияны өзіне сіңіріп алып, кейін «сығып тастап», басқа қызметке құрғақ күйінде ауыстыра салуға болатындай губка болғаны үшін бағалайды.

Ал тұрғындардың шынайы қолдауы – орталық үшін қауіпті. Өйткені мұндай қолдау уақыт өте келе аса танымал, орталыққа қауіп төндіретін көшбасшыны қалыптастыруы мүмкін, – деп жазады саясаттанушы.

ЖАҢА ӘКІМ

2024 жылы 24 мамырда Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды. Бұл ауыс-түйістен кейін қоғам қайраткері, «Мазмұндама» баспасының директоры Шыңғыс Мұқан Ерболат Досаевтың жұмысын қатаң сынға алды.

Серіктес жаңалықтары