×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

Шерзаттың ісінен қуылдым – адвокат мәлімдеме жасады

Шерзаттың ісінен қуылдым – адвокат мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат Полаттың өлімі бойынша Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Бағдат Амандосұлы істен қуылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы адвокаттың өзі мәлімдеді. Оның сөзінше, адвокат Шерзат ісінен қуылған. 

- Мен халықаралық құқық магистрімін. Оқутышылық қызметімді санамағанда 10 жылдық кәсіби заңгерлік тәжірибемде талай істі көрдім. Соның ішінде Шерзаттың ісіне қатысуға ұсынысты үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Кейін, мен бір кісілердің кесірінен, түсініксіз себептермен үнсіз шеттетілдім. Мен үнсіз қалмауға бел будым. Сот цирк емес, күлетін немесе ұйықтайтын орын емес. Ол – орган, адамның тағдырын шешеді. Мен бұл іске шын жүректен кірістім. Аптасына екі күн толық сот процесіне қатыстым. Ал қалған күндерімді куәларға, сотталушыларға және мамандарға сұрақтар дайындау мен талдаумен болдым, – дейді адвокат. 

Бағдат Амандосұлы мұның барлығы жәбірленуші тараптың отбасының мүддесін қорғау үшін жасалғанын атап өтті.

- Бірақ бұл істе жан-тәнімен емес, тек сыртқы атақ үшін ғана келген адамдарға бөгет болған сияқтымын. Біреулердің “мен ғана сөйлеймін, мен ғана халыққа көрінемін, мен ғана халықтың алдына шығамын, мен ғана сұхбат беремін, кімде-кім сотта маған қарсы келсе немесе алдымнан шықса, істен шығарамын. Себебі бұл менің ғана ісім, менің ғана ережем, сендер тек қана жалдамалысыңдар, естеріңде болсын” деген секілді түсініксіз талаптар маған біртүрлі көрінді. Бірақ мен үшін сот ток шоу алаңы емес. Бұл дәлелдер зерделенетін, оған құқықтық тұрғыда баға берілетін, нәтижесінде тиісті акт қабылдауға түрткі болатын орган. Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірімді ескертусіз қалдырып, ал кейбір сұрақтарымды, өтініштерім немесе қарсылықтар айтқан әріптестерім бірінен соң бірі бұл процеске қатысуға құқығынан айырылды. Бұл кәсібилікке емес, эго мен монополияға сүйенетін тәсіл деп ойлаймын. Мен бұған төзбеймін. Себебі мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатқа жету үшін атсалыстым, – дейді адвокат. 

БАСТАПҚЫДА ІСТІ КІМДЕР ҚОРҒАДЫ

Айта кетейік, бастапқыда адвокаттар құрамы жаңарып, Шерзат Полаттың ісін Мейірман Шекеев бастаған алты адвокат қорғайтын болған еді. Оның ішінде:

  • Мейірман Шекеев
  • Жандос Палманов
  • Әлім Мұстафаев
  • Дина Досаева
  • Нұрболат Ибраев 
  • Бағдат Амандосұлы

Бағдат Амандосұлы еліміздегі ток-шоуларда заңгер маман ретінде пікір білдіріп, қоғамда резонанс тудырған істерде қорғаушы болған.

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Істі Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауда. Өткен аптадағы сот процесінде істі зерттеу жалғасып, Шерзаттың мәйітіне сот-медициналық сараптама жасаған мамандардан жауап алынған еді.

Серіктес жаңалықтары