×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Әзербайжан билігі Ресейдің пропагандалық ресурсын жауып тастады

26.05.2025, 15:30
Әзербайжан билігі Ресейдің пропагандалық ресурсын жауып тастады
фото: Константин Чалабов / РИА Новости

Әзербайжанда «Царьград» сайты бұғатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Царьград» атты ресейлік үгіт-насихат телеарнасының сайты енді Әзербайжан аумағында ашылмайды. Бұғаттау шешімі Minval.az порталының бас редакторы Эмиль Мустафаевтың елдің цифрлық даму және көлік министрлігіне жолдаған өтінішінен кейін қабылданған.

Мустафаев телеарна Әзербайжанға қарсы «жалған әрі арандатушылық сипаттағы ақпарат» таратып жатқанын айтып, құзырлы органнан дереу шара қолдануды сұраған. Оның өтінішінен кейін, елде негізінен кәсіби қызметіне байланысты ғана назар аударылып келген бұл ресурстың жұмысына шектеу қойылды.

МӘЛІМДЕМЕ

Minval Politika мәлімдемесінде былай делінген:

Бұл қадам – ел ішінде үгіт-насихат сипатындағы ресурстардың қызметі қандай жолмен тоқтатылатынының нақты мысалы. Сонымен бірге, бұл – Әзербайжанға қарсы фейк нарративтерді ілгерілетіп, қоғамдық пікірге ықпал етпек болған өзге де насихатшыларға сабақ болуы тиіс, – делінген ресми мәлімдемеде.

ОРЫС ҮЙІ ЖАЙЛЫ

Бұған дейін Россотрудничество Әзербайжан билігінен Орыс үйінің жұмысын тоқтатылатыны туралы ресми хабарлама алғаны белгілі болған. Агенттік басшысы Примаков Ресей СІМ жағдайды реттеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтқан-тын. Әзербайжан АҚШ-тың халықаралық даму агенттігіне де (USAID) қатысты осындай шешім қабылдаған.   

Орыс үйі жалға алынған үйден бір жарым ай ішінде кетуге міндеттелген, өйткені иесі оны шұғыл түрде сатуға ниет білдірген.

Серіктес жаңалықтары