×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Алматы облысында ұн цехында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Алматы облысында ұн цехында жарылыс болды: қаза тапқандар бар
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында жарылыс болып, артынша өрт шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға 23 мамырда болған. Өрт тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында орналасқан астық қалдықтарының шаң-тозаңы жаралысқа себеп болуы салдарынан туындаған.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нің күштері мен құралдары жедел түрде жөнелтілді. Құтқару бөлімшелері келген кезде қатты түтіндену байқалды. Жедел түрде штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.

ӨРТ

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толықтай жойылды. Өрттің аумағы Қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен жойылды. Жану алаңы 1377 шаршы метр.

Оқиғаның себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД-нің Өрт-техникалық зертхана қызметкерлері мен анықтау бөлімінің мамандары оқиға орнына жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден астам жеке құрамы мен 31 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнында құрылымдарды бөлшектеу және салқындату жұмыстары жүргізілді.

Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы бір ересек адамды құтқарып қалды. Сонымен қатар, төртеуі Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

ҚР ТЖМ Қауіп-қатер медицинасы орталығының филиалы мен Жібек Жолы ауылындағы Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының мамандары зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ТЖД психологы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетуді жалғастыруда.

24 мамыр күні 49 жастағы ер адам қайтыс болды. Қалған үш науқас денесінің 70-80%-ын күйік шалған ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр.

– Қазіргі уақытта олардың жалпы жағдайы өте ауыр. Науқастар толық көлемде интенсивті ем қабылдап, дәрігерлер бақылауында. Облыстық комбустиолог кеңес беріп, емдеу тактикасы бекітілді. Күн сайын салалық мамандармен қосымша кеңестер өткізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктес жаңалықтары