Алдағы күндері жерге жақын орбитамен бес бірдей астероид ұшып өтеді. NASA бұл ғарыш нысандары ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астероидтардың траекториясы мұқият есептелген, сондықтан жермен соқтығысу ықтималдығы жоқ, дейді мамандар. Солардың алғашқыларының бірі – 2025 KT1. Диаметрі 12,8 метр болатын бұл астероид бүгін, 27 мамырда жерден 1,9 миллион шақырым қашықтықта өтеді.
Одан кейін дәл осы күні жерге 2025 JP астероиды (диаметрі 27 метр) жақындайды, ал 28 мамырда қатарынан үш нысан — 2025 KW, 2025 JR және 2025 KU1 ғаламшар маңынан өтпек.
Салыстыра айтсақ, 23 мамырда диаметрі 11 метрлік 2025 KH астероиды жерден 1,1 миллион шақырым жерден, сағатына 40 мың шақырымнан аса жылдамдықпен ұшып өткен еді.
NASA мәліметіне сүйенсек, егер астероид жерге 7,4 миллион шақырымнан жақын қашықтыққа келсе, ол «потенциалды қауіпті» деп саналады. Алайда бұл анықтама нысанның соқтығысуы мүмкін дегенді білдірмейді.
Ғарыш агенттігі жыл сайын 3000-нан астам жаңа околоземдік объектіні (NEA) тіркейді. Соған қарамастан, бүгінге дейін олардың ешқайсысы Жерге нақты қауіп төндірген жоқ.
Мәселен, 2025 жылдың ақпанында диаметрі 61 метр болатын 2024 YR4 астероидының 2032 жылы Аймен соқтығысу ықтималдығы 3,1%-дан бар болғаны 0,004%-ға дейін төмендетілген болатын.
Ғалымдардың айтуынша, Жерге астероид соғу ықтималдығы мүлде жоқ деп кесіп айтуға келмейді, бірақ ондай ауқымды апаттар – шамамен әр 10 000 жылда бір рет, яғни өте сирек кездеседі.