Қазақстан мен Ресей "Союз-5" және "Бәйтерек" зымырандарын сынақтан өткізу үшін комиссия құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресей үкіметі "Союз-5" зымыран-тасығышын және "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК) ұшыру сынақтарын өткізу үшін арнайы комиссия құруды жоспарлап отыр. Тиісті жоба құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған, деп жазады "Газета".
Құжатқа сәйкес, комиссия биыл құрылмақ. Оның құрамына Ресей мен Қазақстан өкілдері кіреді. Наурыз айында Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы "Союз-5" зымыран-тасығышының бірінші сатысының сынақ нұсқасын жіберген. Отын мен тотықтырғыш бактары жерүсті сынақтар кезінде толық сынақ циклынан өтті.
ҚАЗАҚСТАН НЕ ДЕЙДІ
Сәуір айында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу Қазақстан билігі Ресеймен бірлескен "Бәйтерек" ғарыш жобасы аясындағы алғашқы сынақтық ұшыруды 2025 жылдың желтоқсанына жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол мамандар белгіленген мерзімге үлгеріп, жобаны дер кезінде іске қосады деген үмітін білдірді.
АЙТА КЕТЕЙІК
"Бәйтерек" зымыран кешенін ұшыру мәселесін Қазақстан мен Ресей алғаш рет 2004 жылы талқылаған болатын. Сол жылы тараптар Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа кәсіпорын салуды көздейтін келісімге қол қойды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зымыран кешені осы жылдың соңына қарай іске қосылады деп күтілуде. "Бәйтерек" жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы посткеңестік кеңістіктегі ең ауқымды бірлескен жоба ретінде бағаланып отыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін сенатор Андрей Лукин Қазақстан Байқоңырды жалға беруші мәртебесінен бас тартып, ғарыш өнеркәсібінің әлеуетті қатысушысы болуға ұмтылуы керегін, яғни Байқоңырды Ресейден қайтару керегін айтқан болатын.