Қазнет қолданушылары 25 жыл бұрын Германияға көшіп кетсе де, қазақ тілін ұмытпай, елге сәлем жолдаған немістерге тамсануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда тудым. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу бөлімшесінде тұрдық. Наурыз мейрамы өтіп кетті ғой. Сонда да құтты болсын. Қазақстанға алға, – дейді немістердің бірі
Екіншісі де Қарағандыдан болып шықты.
Қазақстанды ұмытпаймыз. Шама келгенше жыл сайын барамыз. Туыстар, жолдастар әлі сонда тұрады, – дейді ол.
Роликті мына сілтемеден көруге болады.
ГЕРМАНИЯҒА КӨШКЕНДЕР
Қазақстандағы неміс диаспорасының Германияға қоныс аударуы – тәуелсіздік алғалы ең ауқымды көші-қон толқынының бірі саналады. Бұл үдеріс 1990-жылдары ерекше қарқын алды. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін этникалық немістер Германияның тарихи отанына оралу құқығын пайдалана бастады. Германия үкіметі "репатрианттар" бағдарламасы арқылы Қазақстан мен басқа да ТМД елдеріндегі немістерді қабылдауға ресми түрде мүмкіндік берді.
Ресми деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бері Қазақстаннан Германияға 900 мыңға жуық этникалық неміс көшіп кеткен. Бұл сол кезеңде Қазақстан халқының шамамен 5 пайызына жуық болатын. Егер 1989 жылы Қазақстанда 957 мың неміс тұрса, бүгінде бұл көрсеткіш 180 мыңға жетер-жетпес.