×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

Алматыдағы құрылысты жаңа әкімнің кәсіпкер бауырлары "жаулап алуы" мүмкін бе

Алматыдағы құрылысты жаңа әкімнің кәсіпкер бауырлары "жаулап алуы" мүмкін бе
Ulysmedia.kz коллажы

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды және оның құрылыс компанияларына иелік ететін ағалары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘҢГІМЕ НЕ ЖАЙЛЫ

Ulysmedia редакциясы бұған дейін Дархан Сатыбалдының бауырларына «Ultra Build» ЖШС, «Nomad Stroy Company» ЖШС, «Home Builders» ЖШС, «NEW HOME BUILD», «ҚҰРЫЛЫСШЫ LTD», «Smart Construction KZ» ЖШС, «Sat Build» ЖШС, «Sat Group Project» ЖШС, «Каз билдинг» ЖШС және басқа да компаниялардың тиесілі екенін жазған болатын.

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ

Үкімет отырысы кезінде журналистер салалық министрліктің басшысынан мүдделер қақтығысы туындауы ықтимал жағдайға қатысты пікірін сұрады.

Ерсайын Ноғаспаев министрлік акиматтардың бас жоспар, ДДЖ (детальды жоспарлау жобасы) және өзге де қала құрылысы құжаттарына өзгеріс енгізу мүмкіндігін шектейтін жаңа механизм енгізгенін айтты.

– Қазір біз ондай механизм енгіздік: енді тек жергілікті атқарушы органдар ғана емес, детальды жоспарлау жобасына, бас жоспарларға енгізілетін өзгерістерге министрлікке қарасты РМҚК «Мемсараптама» ұйымы да соңғы кезеңде қосылады. Бұл ұйым министрлік тарапынан бақыланады.

Бұрын ПДП мен бас жоспарларға өзгерістерді жергілікті атқарушы органдар өздері енгізе алса, енді бұл процеске министрлік тарапынан қосымша бақылау болады, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

24 мамыр күні Ерболат Досаев қызметінен босатылды. Алматының жаңа әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары