×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

"Дайындалып келу керек" - саясаттанушы министр Нағаспаевты сынға алды

"Дайындалып келу керек" - саясаттанушы министр Нағаспаевты сынға алды
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Марат Шибұтов өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың сөздеріне назар аударып, шенеунікті сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шибұтов 27 мамыр күні Нағаспай айтқан бірнеше мәлімдемелерді келтіріп, олардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Министрдің сөзінше, енді ведомство құрылыс жоспарларын келісудің соңғы кезеңіне қосылып, негізсіз өзгерістердің алдын алады, құрылыс ерекше бақылауда болады, сондай-ақ министрлік жоспарларға енгізілетін өзгерістерді әкімдіктермен бірге тексеріп отырады.

Алайда Шибұтов бұл сөздерді ресми құжаттармен жоққа шығарады. Ол министрдің сөзін 2020 жылғы «Елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және құрылыс жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларымен» салыстырып, онда министрліктің еш рөлі қарастырылмағанын, ал ережелерге ешқандай өзгерістер енгізілмегенін мәлімдеді.

– Министрді баспасөз конференциясына дайындау керек. 2020 жылғы қағидаларды ашып қарайық – министрлік туралы ештеңе жоқ, ешқандай толықтыру енгізілмеген. Министрді алдын ала дайындап, кеңес беріп отыру керек. Әйтпесе осылай сөйлеп, мамандар арасында күлкіге қалады, – деп жазды Марат Шибұтов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Нағаспаев Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды және оның құрылыс компанияларына иелік ететін ағалары туралы сұраққа жауап берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары