×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

Дженифер Лопестің Алматыда концерті өтетін болды ма - ұйымдастырушылар нүкте қойды

Дженифер Лопестің Алматыда концерті өтетін болды ма - ұйымдастырушылар нүкте қойды
Ашық дереккөзден

Ұйымдастырушылар Дженифер Лопестің Алматыда концертіне қатысты сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, танымал әртістің концерті 10 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін болды. 

Билеттер ертең 28 мамырда сағат 10:00-де сатылымға шықпақ. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізілетінін естіген “Қайрат” футбол клубы аталған күннің клубпен келісілмегенін хабарлаған болатын.

АСТАНАДАҒЫ КОНЦЕРТ

Бұған дейін Лопестің Қазақстандағы жалғыз концерті 1 тамызда Астанада өтеді деп хабарланған болатын. Осы ресми мәлімдемеден кейін мыңдаған жанкүйер билет сатып алып, әуе билеттері мен елорда қонақүйлерінен орын алып қойған. Көпшілігі бұл шығындарын қайтарып ала алмай қалған. Алматылық аудиторияны ескерместен қосымша концерттің кенеттен жариялануы жанкүйерлер үшін ауыр соққы болды.

Серіктес жаңалықтары