×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

«Ресей байыппен қабылдауы керек»: АҚШ билігі Трамптың соңғы мәлімдемесі жөнінде пікір білдірді

28.05.2025, 08:30
«Ресей байыппен қабылдауы керек»: АҚШ билігі Трамптың соңғы мәлімдемесі жөнінде пікір білдірді
Ашық дереккөзден

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс журналистер брифингі кезінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинге қатысты соңғы мәлімдемелерін «реніш» деп қабылдамау керек екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеп.

Журналистердің бірі бұл пікірлерді Вашиңтонның Мәскеуге қатысты саясатын қайта қарау аясында бағалау қажет пе деген сауал қойды.

Мен мұны реніш деп атамас едім. Бұл – түрлі аймақта бейбітшілік орнатуға күш салған адамның мәлімдемесі. Ол өз көзқарасын ашық әрі нақты білдірді. Менің ойымша, Ресей мұны байыппен қабылдауы тиіс, – деді Брюс.

ТРАМП НЕ ДЕДІ

Сейсенбі күні АҚШ президенті Путин «отпен ойнап отыр» деп мәлімдеп, егер өзі болмағанда, Ресеймен «көптеген жаман жағдай» орын алар еді деген болатын. Бұған дейін, Ресейдің Украинаға жасаған жаппай шабуылдарынан кейін Трамп Путинді «ақылынан адасты» деп те сынаған. Ал Кремль бұған «эмоциялық реакция» деп жауап қатты.

Трамп Ресейге санкция салу мүмкіндігін де жоққа шығармаған. The Wall Street Journal газетінің жазуынша, АҚШ басшысы шектеу шараларын осы аптада енгізуі мүмкін. «Президенттің қолында біздің ұстанымымызды ескеруге мәжбүрлейтін түрлі құралдар бар. Бұл құралдар қазіргі қантөгісті тоқтатуға ықпал ете алады» деді Тэмми Брюс.

Серіктес жаңалықтары