Бүгін, 28 мамыр күні Ақорда Руанда президенті Поль Кагамені ресми сапармен қарсы алуға дайындалып жатыр. Ол Қазақстанға мемлекеттік деңгейде келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Поль Кагаме Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.
Руанда — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет, көркем төбелі жер бедеріне байланысты «мың төбелі ел» деп аталады.
ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР
Руанданың астанасы Кигали Африкадағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең таза қалалардың бірі саналады. Бұл фактіні БҰҰ мен туристер де атап өтеді.
Әр айдың соңғы сенбісінде сағат таңғы 8-ден 11-ге дейін бүкіл ел тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындарды тазалауға шығады. Бұл дәстүр "Умуганда" деп аталады, оған президент пен министрлер де қатысады.
Руанда парламентіндегі әйелдердің үлесі 60%-дан асады. Бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Ел үкіметі цифрлық экономиканы белсенді түрде дамытып жатыр. Кигали қаласы "Африкалық Сингапур" атанып кеткен. Мемлекеттік қызметтерге арналған қосымшалар, қан жеткізетін дрондар, электронды тіркеу жүйелері — бұл елде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған.