×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

50 млн теңгеден асатын мәмілелер бақылауға алынады – жаңа заң

28.05.2025, 10:32
50 млн теңгеден асатын мәмілелер бақылауға алынады – жаңа заң
Ұлысмедиа коллажы

Мәжілісте қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Заң жобасын қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қорғады. Оның айтуынша, заң жобасы ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

ЗАҢ ЖОБАСЫ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ

Заң жобасында мынадай өзгерістер көзделген:

  • уәкілетті органды бекіте отырып, қаржылық мониторингтің жаңа субъектілерін енгізуді;
  • қаржылық мониторинг субъектілерінің уәкілетті органға күдікті қызмет туралы хабарлар жіберуі бойынша міндеттемені енгізуді;
  • мәдени құндылықтарды қолма-қол нысанда сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстанға әкелу немесе Қазақстаннан әкету жөніндегі операциялар, сондай-ақ сомасы 5 млн теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша шекті белгілеуді.

Сонымен қатар, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатерін бағалау жүйесін 2 деңгейге бөлу көзделген. 

АГЕНТТІКТІҢ ӨКІЛЕТТІГІ КҮШЕЙЕДІ

Заң жобасына сәйкес, қаржылық мониторинг органдарының өкілеттіктері күшейеді. Агенттікке қылмыстық кірістерді жылыстату және заңсыз қызметті қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың күдікті операцияларына талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі міндеттеме жүктеледі.​

​Бұл бізге қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге және оларды жоспарлау кезеңінде қаржылық қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді. ​Бұдан басқа, ұялы байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері болады. ​Ұялы байланыс операторлары мобильді теңгерімді толықтыру туралы, ал «Азаматтарға арналған үкімет» нотариустардағы мәмілелерге ұқсас жылжымайтын мүлікпен 50 млн теңгеден астам сомаға жасалатын мәмілелер бойынша ақпарат береді. ​Бұл құралдар күдікті операцияларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге ықпал етеді, – дейді Елемесов.

Одан бөлек, күдікті қызмет туралы хабарламаларды жіберу бойынша қаржы мониторингі субъектілері үшін міндетті талаптарды анықтайды. ​Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің өз қызметін кірістерді заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру үшін оның ақшамен және өзге де мүлікпен жүргізген операцияларының жиынтығына сәйкес пайдалануы мүмкін екендігі туралы ақпарат жібереді. 

​Бұл түзету мемлекетіміздің қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға және талдау мен мониторингтің неғұрлым тиімді жүйесін құруға бағытталған. ​Үшіншіден, кірістерді жылыстату тәуекелдерін бағалау жүйелері елеулі қайта қаралады. ​Тәуекелдерді бағалау жүйесін 2 деңгейге бөлу ұсынылады – Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізетін ұлттық бағалау және мемлекеттік органдарға жүктелетін үш жылда бір рет секторлық бағалау. ​Қаржылық мониторинг агенттігі елдің жылыстатуға қарсы жүйесін одан әрі дамыту үшін жиналған деректерді жан-жақты бағалау және талдау арқылы тәуекел деңгейін айқындайды.​ Қылмыстық әлем бір орында тұрмайтынын және жылыстатудың жаңа жолдарын іздеуде үнемі жетілдіріліп отыратынын ескеру қажет, – дейді ол.

Елемесов заңсыз әрекеттерді жою үшін бағалаудың нақты кезеңі бекітілетінін айтады.

​Тәуекелдерді бағалау жүйесі арқылы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл қаржылық қылмыстарға қарсы табысты күрестің негізі. Кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін біз сенімді деректер алмасу арналарын бір жолға қоюымыз керек. ​

Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жекелеген операциялар жөніндегі шектерді қайта қарау мәселесі бар. ​Мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстанға әкелу не Қазақстаннан әкету жөніндегі операциялардың шегін 45 млн.теңгеден 1 млн. теңгеге дейін төмендету ұсынылады. ​Сомасы 5 млн.теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар да енді қаржылық мониторингке жататын болады, – дейді ол.

Заң жобасы әлі талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары