×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Бөлекбаев "Шет-Энергодағы" жанжал мен рейдерлікті жоққа шығарды

Бөлекбаев "Шет-Энергодағы" жанжал мен рейдерлікті жоққа шығарды
Ulysmedia.kz коллажы

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев “Шет-Энерго” кәсіпорнын басып алу әрекеті жүріп жатыр деген мәлімдемелермен келіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ulysmedia тілшісі әкімнен “Шет-Энерго” кәсіпорнына қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады. Кәсіпорын өкілдері оны рейдерлік жолмен басып алмақ болды деп мәлімдеген.

– Барлығы заң аясында. Қайдағы рейдерлік? Ешқандай рейдерлік әрекет жоқ. Кім айыптап жатыр? Егер ондай дерек болса, құқық қорғау органдарына жазсын, – деп Бөлекпаев қысқа жауап берді. 

ШЕТ АУДАНЫНДАҒЫ АХУАЛ

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат кеңістігінде Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай режимі енгізілгені жөнінде ақпарат тарады. Тараған ақпараттарда аудан деңгейіндегі энергетикалық коллапс туындаған. Аймақ билігі болған жайтты электр энергиясын жеткізуші «Шет-Энерго» ЖШС-ден көреді, тіпті энергиямен қамту компаниясын мемлекет меншігіне бермек ниетте екенін білдірген. Алайда «Шет-Энерго» басшылығы мұндай айыптаулардың негізсіз екенін мәлімдеп, кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алу әрекеті болуы мүмкін дегенге меңзейді. Мұндай болжам орынды ма, жоқ па деген сұраққа Ulysmedia.kz тілшісі осы мақалада жауап іздеп көрген еді.

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов өзі туған Шет ауданының жарық мәселесі заң жүзінде шешілуі керек деп мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары