×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Мектеп түлегі құрдасын шампур қадап өлтірген: директор қызметінен кетті

28.05.2025, 13:54
Мектеп түлегі құрдасын шампур қадап өлтірген: директор қызметінен кетті
Әлеуметтік желіден

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Алматы облысында мектеп бітіруші түлектің өліміне байланысты тергеу қалай жүріп жатқанын берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділовтың айтуынша, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынған. Қасақана адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себеп-салдарын жою туралы ұйғарым енгізілді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оқу ісінің меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң жаза қолданылды. Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады, – деді ол.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бұған дейін Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Қайғылы жағдай мектеп бітіру кеші кезінде болғаны анықталды Алдын ала мәлімет бойынша, түлектердің ата-аналары оқу жылының аяқталуына орай үй жалдап, мереке ұйымдастырған. Кеш барысында екі сыныптас арасында жанжал туындап, оның бірінде бірі екіншісіне шампур сұғып алған.

Серіктес жаңалықтары