×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты кездесуге дайын екенін мәлімдеді

28.05.2025, 15:14
Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің әртүрлі форматта келіссөздер жүргізуге дайын екенін, соның ішінде Украина, Ресей және АҚШ президенттерінің үшжақты кездесуіне де әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен кездесуде Киевтің «Трамп – Путин – Зеленский» форматындағы кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей тараптары мұндай дайындықтан хабардар, деп жазады «Медуза».

Біз “Трамп – Путин – мен” форматында кездесуге дайынбыз. Сондай-ақ “Трамп – Путин”, “Трамп – Зеленский”, одан кейін үшеуміз бір уақытта кездесетін форматқа да дайынбыз. Яғни, бұл бөлек-бөлек емес, бір мезетте өтетін кездесу болуы тиіс», – деді Зеленский.

ҚАЙДА КЕЗДЕСЕДІ

Зеленскийдің айтуынша, Украина техникалық кездесулерді Ватиканда, Швейцарияда немесе басқа ұсынылатын жерде өткізуге әзір. Сонымен қатар ол мұндай кездесуді алдын ала дайындықсыз, тікелей мемлекет басшылары деңгейінде өткізуді де жоққа шығармайды:

«Егер біздің шешіміміз алдын ала техникалық кездесулерсіз талқылануы мүмкін болса – біз дайынбыз», – деді ол.

Бұған дейін Украина АҚШ-қа Ресеймен бейбіт келісімге қатысты шарттарын жолдағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары