Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желілердегі видеоға жазған пікірлері үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азамат Сәрсенбаев әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы (жала жабу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот талқылауы оның дөнерхана иесі мен клиент арасындағы жанжалға қатысты пікірлерінен кейін басталған.
Құрметті достар, сот шешімімен мені 20 тәулікке қамауға алды. Не үшін, қалай болғаны белгісіз. Бұл – нағыз заңсыздық. Қазір мен апелляциялық соттың шешіміне дейін арнайы қабылдау орнына кетіп барамын. Мені қамауға алды, достар. ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша. Антикор қызметіне жала жапты деді. Енді билікке қарсы пікір айтқан әр адам, қоғам белсендісі түрмеге түсуі мүмкін», – дейді Азамат Сәрсенбаев.
Сәрсенбаев Ақтаудағы қоғамдық тамақтану орнының иесі мен клиент арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірген. Онда кәсіп иесі өзіне бағытталған сынға жауап ретінде «Антикордың қамқорлығында» екенін айтқан.
«Дөнерхана иесінің өзін антикор қызметкерлері “қорғайтынын” мойындауы – бұл Антикордың беделіне нұқсан келтіреді», – деп жазған болатын блогер.
Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерден видео түсіргені үшін де қамауға алынған еді.