×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Бапи Қазақстанда Ресейдің әскери тарихын зерттейтін ұйымның ашылуына қарсылығын білдірді

Бапи Қазақстанда Ресейдің әскери тарихын зерттейтін ұйымның ашылуына қарсылығын білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанда ресейлік әскери мекеме бөлімшесінің ашылуы қоғамда наразылық туғызып, депутаттар мен президентке сын бағытталуына себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бапи бұл мәселеге байланысты премьер-министр Олжас Бектенов пен қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады. Ол елде ұлттық қару-жарақ музейі жоқ екенін айтып, соған қарамастан шетелдік әскери ұйым филиалының не себепті ашылғанын түсіне алмайтынын жеткізді.

– Қазақстанда шетелдік әскери музейдің ашылуы өзін патриот санайтын азаматтар тарапынан теріс қабылданды және бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен парламент депутаттарына сынның астына алуына алып келді. Бірақ бізге ондай қоғамдық шу қажет пе? Көрші елдермен геосаяси жағдай тұрақсыз болып тұрған тұста мұндай әскери музейдің қандай қажеттілігі туды? Осы сұрақтар негізінде Қазақстанда ұлттық қару-жарақ музейін ашу мүмкіндігін қарастырып, парламент депутаттарына нақты дәлелденген жауап беруді сұраймын. Бұл жауап ресейлік музей филиалына байланысты туындаған қоғамдық кернеуді азайтуға сеп болуы керек деп есептеймін, – деп келтіреді Бапидің сөзін КазТАГ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ермұрат Бапи айтып отырған мекеме, болжам бойынша, Ресей әскери-тарихи қоғамының (РӘТҚ) филиалы. Бұл ұйым жайлы бұған дейін, 23 мамырда хабарланған. РӘТҚ 2012 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен құрылған. Ұйымның ресми мақсаты – Ресейдің әскери тарихын зерттеп, насихаттау.

Серіктес жаңалықтары