Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі АН-26 маркалы үш ұшағын бірден аукционға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Аукцион 11 маусымда бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Әр лоттың бастапқы бағасы – 11 миллион теңге. ҚазАқпарат мәліметінше, барлық әуе көлігі Алматы облысындағы Боралдай кентінде орналасқан.
ҰШАҚТАР ТУРАЛЫ
Бағалау қорытындысына сәйкес, аталған ұшақтар қазір пайдаланылмайды және күрделі жөндеуді қажет етеді. Олар жарамсыз деп танылып, металға өткізуге (утиль) жарамды мүлік ретінде бағаланған.
АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Сатып алушы пайдаланылмайтын мүлікті сату шарты бойынша лоттың сату бағасының 15%-ы мөлшерінде сатушыға комиссиялық сыйақы төлеуі тиіс. Бұл төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізілуі қажет. Сонымен қатар, сатып алушы тауарды баланс ұстаушының аумағынан өз есебінен және өз күшімен, сатушыдан рұқсат алғаны туралы хабарлама алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде алып кетуге міндетті.