×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Енді әр жаңа телефон үшін 3932 теңге төлеу қажет болады - белсенді

Енді әр жаңа телефон үшін 3932 теңге төлеу қажет болады - белсенді
Tero Vesalainen/Shutterstock/Fotodom

Қазақстанда мобильді телефондарды импорттаушылар енді әрбір жаңа телефон үшін 1 айлық есептік көрсеткішке тең (2025 жылы – 3932 теңге) төлем жасауға міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТӨЛЕМ КІМГЕ ТҮСЕДІ

Бұл сома IMEI-кодты тексеру немесе «верификациялау» қызметі үшін алынады. Бұл туралы қоғам белсендісі Павел Александров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Александровтың айтуынша, жиналатын қаражат мемлекеттік бюджетке емес, жеке меншік компанияның – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) есепшотына аударылады. Оның пікірінше, бұл жағдай бұрынғы утильалым схемасына ұқсайды, яғни бизнеске жүктелетін қосымша міндеттеме кейін тұтынушыға ауысады.

ЖЫЛЫНА 4 МЛН ТЕЛЕФОН

Белсендінің келтірген дерегіне сай, Қазақстанға жыл сайын ресми түрде шамамен 4 миллион жаңа телефон импортталады. Егер әр құрылғы үшін 3932 теңге алынатын болса, бір ғана компания жыл сайын шамамен 15,7 миллиард теңге жинауы мүмкін. Бұл қаражаттың не үшін жиналатыны, қандай нақты қызмет көрсетілетіні және оны не себепті жеке компания атқарып отырғаны – ашық сұрақ күйінде қалып отыр.

ҚОҒАМ ҮНСІЗ БЕ

Александров бұл тақырыптың әлеуметтік желілерде әлі кеңінен талқыланбағанын атап өтті. Александровтың айтуынша, импорттаушылардан бұл төлемді жинау ісі қазірдің өзінде басталып кеткен болуы мүмкін. Ол бұл тұжырымын ірі сауда желілеріндегі сатып алу мамандарынан алған бейресми ақпарат пен бірқатар интернет-сайттарда жарияланған мәліметтерге сүйене отырып айтып отыр.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Ұлысмедиа тілшісі бұл жаңалықтың мән-жайын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерінен сұрады. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, ақпанда шетелден екі смартфоннан артық әкелуге тыйым салу ұсынылған болатын. Артынша цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда мыңдаған ұялы телефон өшірілуіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Серіктес жаңалықтары