×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Депутаттар Қазақстанда ресейлік университеттердің ашылуына араша түсті

28.05.2025, 19:33
Депутаттар Қазақстанда ресейлік университеттердің ашылуына араша түсті
фото: sima-land.ru

Мәжіліс ресейлік жоғары оқу орындарының Қазақстанда ашылуына қарсы пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік университеттердің филиалдары Кремльдің Қазақстанға ықпалын күшейтуге бағытталған «жұмсақ күш» құралы ма? Бұл сұрақты журналистер бұрынғы білім министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетовке қойды. Мәжілісменнің пікірінше, Қазақстанда ресейлік ЖОО филиалдарының ашылуынан тек оң нәтиже күтуге болады.

– Бірнеше жыл бұрын көршілес елде 80-90 мың қазақстандық азамат білім алатын. Университет филиалдарын дамыту арқылы бұл көрсеткішті 60 мыңға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Меніңше, қазақстандықтар отанында сапалы білім алуға мүмкіндікке ие болуы тиіс – бұл мақсатқа филиалдар ашу арқылы жетеміз. Бізде Аризона, Ковентри университеттерінің және басқа да оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Соның нәтижесінде азаматтарымыз Қазақстанда оқып, ұлттық экономика үшін жұмыс істейді. Бұл – аса маңызды, – дейді Асхат Аймағамбетов.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бүгін мәжілісте Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайда жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау мәселесі қаралды.

Серіктес жаңалықтары