Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвардта оқып жатқан қазақстандық студенттердің тағдырына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Саясат Нұрбектің сөзінше, бүгінде Гарвардқа қатысты түпкілікті шешім шықпаған.
- Қазір бұл мәселе бойынша сот процестері жүріп жатыр. Келесі сот отырысы бүгін, 29-ы күні АҚШ-та өтеді. Онда аралық шешім қабылдануы мүмкін – Гарвард университетінің шетелдік студенттерге виза алуына шектеу қойыла ма, әлде бұл шешімнің күші жойыла ма, соны анықтайды. Қазіргі таңда бұл – түбегейлі шешім емес. Сондықтан үрейленуге негіз жоқ. Егер бұл шешім күшіне енетін болса, министрлікте арнайы алгоритм әзірленген. Сол бойынша студенттерді дәл сол мамандықтар бойынша басқа балама жоғары оқу орындарына ауыстыру қарастырылған, дейді Саясат Нұрбек.
ГАРВАРДТАҒЫ ШУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ
Бұған дейін АҚШ-тағы қазақ кәсіпкері Диас Жорабеков Гарвардтағы дау неден басталып, қалай ушыққанын айтып берген болатын.
ТРАМПТЫҢ ШЕШІМІ
Еске салайық, 23 мамырда Трамп Гарвардқа шетел студенттерін қабылдауға тыйым салған болатын.
ГАРВАРДТА ҚАНША ҚАЗАҚ СТУДЕНТІ ОҚИДЫ
Гарвардта «Болашақ» бағдарламасы бойынша 7 адам білім алып жатыр.