×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

«Бәйтерек» холдингінің тендерлері кімдерді байытып жатыр

29.05.2025, 10:00
«Бәйтерек» холдингінің тендерлері кімдерді байытып жатыр
Ұлысмедиа коллажы

«Бәйтерек» холдингінің тендерлерінің 50 пайызы бір көзден өткізіледі, бұл әділетсіздік деп жақында депутат Әділ Жұбанов дабыл қаққан. Не себепті олай екенін Ulysmedia.kz тілшісі холдинг басшысы Рустам Қарағойшинге қойды.

ҚАРАҒОЙШИН НЕ ДЕЙДІ

Рустам Қарағойшин жалпы “Бәйтерек” холдингі үлкен мөлшерде тендерлер өтпейтінін айтады.

Бізде ең үлкен тендерлердің өзі – ІТ-саладағы өнімдер. 40 пайызы күнделікті қағаз-қаламдар. “Бәйтерек” қаржыландыру институты болған соң бізде үлкен тендерлер өтпейді. Бірақ өзіміздің тендерлердің бәрі заңды өткізіледі. Ол жерде былай-былай деген ештеңе жоқ. Арнайы платформалар бар. Өз жұмысымызда соларды қолданамыз, – деді ол.

Рустам Қарағойшинге сонымен қатар, “сол тендерлердің арқасында бір күн де бизнеспен айналыспаған адамдар байып жатыр деген сөзге қалай жауап бересіз?” деп сұрақ қойылған.

Жоқ, ондай мүмкіндік жоқ. Біз қаржы институты болғандықтан, жұмыстарымыздың бәрі екінші деңгейлі банктердің, басқа да контрагенттердің ішінде жазылып тұр. Интернетте де бар. Тендерлерге қатыса алмайды (?)  Бізде ондай жоқ. 

Қазір мемлекет тарапынан өзіміздің отандық өндіріске басымдық беру керек деп бастама көп айтылады. Сондықтан, біздің “Бәйтеректе” арнайы бөлім аштық. Қаржыландырған кезде де отандық тауарларды қолдау деген мақсат қойылады. Біз оны тексеріп, қадағалаймыз, – дейді ол.

ДЕПУТАТТЫҢ СЫНЫ

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов әуелі кәсіпкерлік салада еңбек етпесе де байып кеткен адамдар көп екенін айтады. Оның сөзінше, бір күн де кәсіпкерлікпен айналыспай, байып кеткен азаматтар ұлттық компанияларда, мұнай-газ саласындағы компанияларда еңбек еткен.

Өзі де, отбасы да бірде-бір күн кәсіпкерлікпен айналыспай-ақ жағдайлары өте бай. Неге? квазимемлекеттік сектордың жағдайына қатысты сұрағым: мемлекеттік сатып алудың 60 пайызын бір көзден өткізген. Бізде соғыс немесе басқа да төтенше жағдайлар болып жатыр ма? “Самұрық-Қазына” 60 пайызын, “Бәйтерек” 50 пайызын бір көзден берген. Бұл деген бүкіл елдің ұлттық қазынасын, байлығын бір қолға алып беру деген сөз. Бұл – барып тұрған ұрлық. Айдың-күннің аманында, 50-60 пайызды бір көзден өткізу дейтін ол – меніңше, бірде-бір заңға келмейді. “Самұрық-Қазынаның” болуына қарсымын, бұрыннан бері айтып келе жатырмын. Ол таратылуы керек. ЖАП-тың осыған қатысты ұсынысы қандай? – деп сұрады Әділ Жұбанов.

ҚАРАҒОЙШИНДЕР ЖАЙЛЫ

«Бәйтерек» ұлттық холдингі басшысының орынбасары болып келген 40 жастағы Рустам Қарағойшин былтыр бұрынғы бастығының орнын басқан еді. «Бәйтерек» ҰБХ министрлік болмаса, да бұл құрылымның міндеті қаржы министріне жүктелген жауапкершіліктен бір мысқал да кем емес. Өйткені «Бәйтерек» және оның еншілес компаниялары арқылы барлық негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар қаржыландырылады. Осынша ауқымды ресурсты енді кім басқарады, бұл жайында Ulysmedia.kz зерттеп көрген еді. 

Рустам Қарағойшиннің әкесі Тимур Қарағойшин былтырға дейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметін атқарған. Қазір Мемлекеттік сараптама мекемесін басқарады.

Серіктес жаңалықтары