Әйелін сабаған дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мамаштың ісі бойынша алдын ала тыңдау бүгін, 29 мамырда сағат 10.00-де өтуі керек болған.
Астана қалалық соты алдын ала тыңдау 10 маусым сағат 10.00-ге ауыстырылғанын растады.
КАРИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ
Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш Астанада ұсталғанын хабарлаған едік.