Бірнеше күннен бері аяқ астынан желі қолданушылары «Бала Жамбыл» атанған ақын Жамбыл Дүйсеновке іздеу сала бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Таудай талабымен талайды таңдандырған Жамбыл Дүйсенұлы зеректігінің арқасында түрлі байқауларда топ жарғаны белгілі. Тіпті, ашық ақпараттарға қарағанда өз қатарластарынан мектепті үш жыл ерте аяқтапты.
Тик-ток қолданушылары жақында “Бала Жамбылға” іздеу жариялап, бұрынғы видеоларын бөлісе бастаған. Ақын Мұхтар Шахановтың батасын алған бала қазір дардай жігіт болып, АҚШ-та оқып жүр екен. Оның ата-анасына Америкадан жолдаған сәлемі желіге тарады.
Біз қазір тура Нью-Йорктың тура ортасындамыз. Біз тұрған тайм скверге бүкіл адамдар жиналады. Адамдар жанымызда толып жүр. Бұл өте әдемі, күшті жер, –дейді Жамбыл Дүйсенов туған-туыстарына жолдаған видеосында.
Жас ақынның бұған дейін 3 кітабы жарық көрген.