Вице-премьер Қанат Бозымбаев коммуналдық тарифтердің өсуін жеке өзі де байқағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БОЗЫМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ
– Иә, (қымбаттағанын – ред.) байқадым. Биыл қыс жылы болды, үйімізде орталықтандырылған жылу жүйесі болғандықтан, өткен жылмен шамалас сома төледік. Халықтың әлеуметтік жағдайы әртүрлі – жалақысы жоғары да, төмен де адамдар бар. Үкімет әлеуметтік әмиян арқылы табысы төмен отбасыларға, егер олардың жылуға жұмсалатын шығыны жалпы табыстың 5-10 пайызына жетсе, жергілікті бюджет есебінен өтемақы беру үшін жұмыс істеп жатыр, – деді Бозымбаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сәуір айының қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тағы да тариф өсімі тіркелді. Әсіресе, қоқыс шығару бағасы 4,5%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, суық су, жылу және басқа да негізгі қызметтердің тарифі өскен.