×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

АЭС құрылысы: Қытай "Росатомды" Қазақстаннан ығыстырып жатыр

30.05.2025, 12:00
АЭС құрылысы: Қытай "Росатомды" Қазақстаннан ығыстырып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Қытай Қазақстандағы ядролық жоба бойынша Ресейден басым түсіп келеді. Мұндай қорытындыны қос тараптың "бағалық" ұсыныстарын зерттеген сарапшылар жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша бәсекелестік қыза түскен сыңайлы. Ресейдің мемлекеттік корпорациясы "Росатом" бұл келісімшартты алу үшін бұрыннан әрекет етіп келе жатқанымен, Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) бәсекелестерін басып озуға нақты қадам жасап отыр. Бұл туралы OilPrice сарапшылары хабарлады.

“ҚЫЗЫҚ” ҰСЫНЫС

Дереккөз мәліметінше, Қытайдың Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының басшысы Дун Баотун Астанада Қазақстанның атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен кездесу барысында CNNC атынан "агрессивті" түрде келісім жасауға тырысқан. Қытай тарапы Қазақстанда АЭС салуға мықты ниет білдіріп отыр. Олар "Росатом" мен өзге де бәсекелестерге қарағанда әлдеқайда төмен сметалық құн ұсынып, жобадан ығыстыруға тырысуда. Бұдан бөлек, Қытай ядролық отын циклін басқару мен "ғылыми-техникалық инфрақұрылымды нығайту" бағытында да толыққанды әріптестік ұсынуда.

САЛЫСТЫРУ

CNNC артықшылығының негізгісі — баға. Қытай компаниясы екі HPR-1000 реакторын (жылына 2,4 гигаватт электр қуатын өндіретін) шамамен 5,5 млрд долларға салуға болатынын есептеп отыр. Ал Қазақстан билігінің болжамынша, "Росатом", сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Франция компанияларының жобалары 12-15 млрд доллардан асады.

АЙТА КЕТЕЙІК

Бұған дейін Қазақстан билігі ел үшін ең тиімді жол – бірнеше елдің компаниялары бірігіп жүзеге асыратын консорциум екенін мәлімдеген болатын. Дегенмен, басымдық төрт компанияға беріледі деп күтілуде. Олардың қатарында "Росатом" да бар.

Серіктес жаңалықтары