×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Министр Балаева Сара Назарбаеваның тағдырына қатысты қауесетке пікір білдірді

30.05.2025, 12:22
Министр Балаева Сара Назарбаеваның тағдырына қатысты қауесетке пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөніндегі тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл сұрақ министрге АҚордада Италия премьер-министрін ресми қарсы алу рәсімі басталар алдында қойылды.

– Маған бұл ем қабылдап жатқан адамға жасалған ерекше қатігездік сияқты көрінеді. Нақты білмеймін, себебі бұл – адамның жеке өміріне қатысты мәселе. Біреудің тірі не өлгенін әлі талқылап жату – өте қатыгез әрекет. Егер ондай жағдай болса, ресми түсініктеме беріледі. Бұған дейін Укибай мырза секілді, – деді Балаева.

ҚАУЕСЕТ

Еске салайық, күні кеше бірнеше қазақстандық БАҚ Сара Назарбаева 85 жасына қараған шағында қайтыс болғанын хабарлаған болатын

ФЕЙК

Алайда бұл ақпаратты тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды. 

Серіктес жаңалықтары