×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Украина Ыстамбұлда жаңа келіссөз өткізуге дайын – Киев қандай шарт қойды

30.05.2025, 14:35
Украина Ыстамбұлда жаңа келіссөз өткізуге дайын – Киев қандай шарт қойды
Сергей Холодилин/БелТА/ТАСС

Украина Ыстамбұлда Ресеймен жаңа келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Киев келесі аптада Ыстамбұлда келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуге әзір. Алайда ол Украина тарапына тек конструктивті диалог қажет екенін атап өтті.

Сол себепті Ермак келіссөз басталмас бұрын Ресей делегациясынан атысты тоқтату шарттарын қамтитын меморандум ұсыну маңызды екенін жеткізді.

РЕСЕЙ

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздердің екінші раунды 2 маусым күні Ыстамбұлда өтуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары