×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

+18 сахна, анайы сөздер - Түркістандағы кинотеатрда келеңсіз жайт болды

+18 сахна, анайы сөздер - Түркістандағы кинотеатрда келеңсіз жайт болды
Ulysmedia.kz коллажы

Контентмейкер, музыкант әрі сценарист Роман Бұрқаш балаларға арналған мультфильді кинотеатрдан көрердің алдында болған келеңсіз жайт туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Роман Бұрқаш  – Түркістан қаласының тұрғыны. Жақында ол балаларымен кинотеатрға мультфильм көруге барған. 

- Билетте де, сайтта да бұл балаларға арналған контент екені көрініп тұрды. Бірақ сеанс басталар алдында +18, яғни ересектерге арналған фильмдердің жарнамалары көрсетіле бастады. Ол жерде неше түрлі анайы сөздер, ұятты сахналар болды. Залда отырған ата-аналар кірерге тесік таппады. Балаларымыздың алдында қатты масқара болған жайымыз бар, дейді Роман. 

“ЭТИКАҒА КЕРЕҒАР”

Ол бұл этикаға кереғар нәрсе екенін, балалардың, тұтынушылардың құқығы бұзылғанын атап өтті. 

- Ертесіне бұл техникалық қате шығар деп ойлап, кинотеатрдың басшылығына ресми хат жаздым. Мен хатымда балаларға арналған сеанстың алдында ересектерге арналған контентті көрсету Конституциямызға да, БҰҰ-ның балалар конвенциясына да өте қарсы, этикаға кереғар әрекет екенін айттым. Ертесіне кинотеатр басшылығы маған жауап берді, дейді Роман. 

КИНОТЕАТР БАСШЫЛЫҒЫ НЕ ДЕЙДІ

Кинотеатр басшылығы ресми жауап бергенімен, ол Романның көңілінен шықпаған. 

- Себебі бұл ешқандай қате емес екен. Кинотеатр басшылығы бұл триллердің жарнамасы негізгі көрсетілетін фильмге жалғанып келетінін және өздері дистрибютерлердің рұқсатынсыз кесіп алып тастай алмайтынын айтты. Кинотеатр басшылығы бұл нәрсені шешудің орнына жауапкершілікті дистрибютерлік компанияларға арта салды. Енді мен дистрибютерлік компанияларға да ресми хат жазсам олар да неше түрлі сылтау тауып, мәселені жылы жауып қоятын сияқты болып тұр, дейді түркістандық тұрғын. 

Роман Бұрқаш бұл мәселені шешу үшін мәдениет және ақпарат министрлігіне де ресми сауал жіберетінін айтты. 

Серіктес жаңалықтары