×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіліп жатыр: Тоқаев халыққа үндеу жасады

01.06.2025, 09:14
Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіліп жатыр: Тоқаев халыққа үндеу жасады
Ulysmedia

Бүгін, 1 маусымда, Қазақстанда және басқа да бірқатар елде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

МЕРЕКЕНІҢ ТАРИХЫ

Бұл мереке 1949 жылғы қарашада Парижде өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресінің шешімімен бекітілген. Алғаш рет 1950 жылы атап өтілді. Содан бері 1 маусым жыл сайын қоғамға балалардың өмір сүру, денсаулық сақтау, білім алу, зорлық-зомбылықтан қорғану, сондай-ақ қамқорлық, махаббат пен лайықты болашаққа деген құқықтарының сақталуының маңызын еске салып келеді.

Қазақстан бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды қолдайды. Бұл саладағы негізгі құжат — 1989 жылы қабылданып, 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы. Сондай-ақ, елде балалардың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары