×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Рианнаның әкесі Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болды

01.06.2025, 11:19
Рианнаның әкесі Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болды
David Crichlow/Shutterstock

Әлемге танымал әнші Рианнаның әкесі Рональд Фенти Лос-Анджелесте өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz TMZ сайтына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

TMZ дереккөздерінің мәліметінше, 70 жастағы Рональд Фенти ұзаққа созылған сырқаттан кейін көз жұмған.

— Сәрсенбі күні Рианнаның ағасы Раджад Фенти Сидарс-Синай медициналық орталығы маңынан байқалған. TMZ ақпаратына сәйкес, Рианна да көлікте болған, бірақ суреттерде ол көрінбейді, — делінген материалда.

Белгілісі, Рианна мен әкесі көп уақыт байланыссыз жүрген. Алайда кейінгі жылдары олар қарым-қатынасты қайта қалпына келтіре алған.

2023 жылғы ақпанда Рональд Фенти TMZ-ге қызының екінші рет жүкті болғанына қуанышты екенін айтып, болашақ немересінің өміріне араласқысы келетінін жеткізген.

Жерлеу рәсімінің уақыты мен орны әзірше жарияланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары