Ақтауда тегін балмұздақ таратқан шарада балалар адасып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Куәгерлердің айтуынша, жергілікті кәсіпкер Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған тегін балмұздақ пен кәмпит мақтасын таратып, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырған.
Аталған акция үлкен қызығушылық туғызып, дүкен маңына ондаған адам жиналған. Соның салдарынан қатты дүрлігу мен ығы-жығы жағдай орнаған. Алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше бала сол дүрлігуде адасып қалған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысы әкімдігі мен полиция департаментінен әзірше ресми түсініктеме берілген жоқ.