Синоптиктер дүйсенбі, 2 маусымда елдің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде – 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпін секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысында түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Астанада күндіз найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда 15-20, кей уақыттарда екпіні – 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.