×
511.37
583.73
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.37
583.73
6.46

«Нұрқанатым сол кезде біреуін атса, Шерзатым тірі қалар еді ғой»: адвокат қаралы ананың сөзін есіне алды

02.06.2025, 11:58
«Нұрқанатым сол кезде біреуін атса, Шерзатым тірі қалар еді ғой»: адвокат қаралы ананың сөзін есіне алды
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полат сотындағы жарыссөзде жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев күдіктілерді «көше заңы да тоқтатпаған» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕКЕЕВ НЕ ДЕЙДІ

Адвокат Мейірман Шекеев онсыз да құлап, қансырап жатқан баланы анасының көзінше ұрғандарын түсіне алмағанын айтты.

Оларды “көше заңы да” тоқтата алмады. Тоқсаныншы жылдары бандиттер де бұлай істемеген. Жағаңды ұстатады. Егер Мамедованың бейнежазбасы сотталушылар «ол жерде болмадым» дей салар ма еді. «Біз кінәлі емеспіз» дегені жәбірленушілердің жүйкесін тоздырып, қоғамның ашуын туғызды. Бұларға осы жағдай қалыпты ма дейсің, – дейді адвокат.

Мейірман Шекеев Шерзаттың әжесінің 2024 жылдың 4 қазанында Нұрқанатты жасырын түсірген видеоны көрген соң өзіне жылап тұрып айтқан сөзін келтірді.

“Мейірман, мылтықты менің балам шынымен алып шыққан ба? Онда оның біреуін сол жерде дәлдеп тұрып атқаны дұрыс болар еді ғой. Атқысы келсе балам тигізер еді. Мүмкін менің Нұрқанатым сол кезде біреуін тоқтату үшін атса, Шерзатым тірі қалар еді ғой. Иә, Нұрқанатым онда түрмеге отырар еді. Бірақ ол тірі болар еді. Бәрібір күндердің күнінде тірі келер еді ғой. Сотталушылар қанша жылға сотталса да, тірі келеді. Ал мен екі баламнан айырылдым” деп өкініп жылағаны қабырғаны қайыстырды, – дейді Шекеев.

Адвокат соттан сотталушыларды тағылған баптары бойынша ең ауыр жазаға тартуды, олардан материалдық және моральдық шығынды өтеуді талап етті. Мейірман Шекеев күдіктілердің ішіндегі кәмелетке толмаған Думан Ысқақты кешірім берілетінін мәлімдеді.

Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұраған еді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары