Шерзат Полат сотындағы жарыссөзде сотталушы Равиль Сәкиевтің адвокаты Мәди Бөленбаев өз қорғауындағы күдіктіні тек бір бап бойынша соттауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ
Равиль Сәкиевтің Нұрқанат Ғайыпбаевты өлтіру пиғылы болмаған. Оны бұрыннан таниды. Арасында бас араздығы жоқ. Әскентайдың жоғын жоқтайтындай оны бұрын танымаған. Онымен еш араласпаған. Нұрқанат оқ атқаннан кейін ашуланып, екі-үш рет тепкенін сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген жауаптарында да, сот тергеуі барысында да айтып көрсеткен. Қазір осы іс-әрекеті үшін шын жүректен өкінеді. Жәбірленуші Жұмабике Қадыровадан осы әрекеті үшін кешірім сұрайды, – деді адвокат.
Адвокат Сәкиевтің бұзақылық жасағанын мойындайды. Бірақ басқа баптар бойынша айыптауларды алып тастауды соттан сұрады. Азаматтық талапты қараусыз қалдыруды өтінді. Сотта Равиль Сәкиевтің Нұрқанат Ғайыпбаевты “өлтіруге оқталды” деген айыптау дәлелін таппады деп есептейді.
Равиль Сәкиевті қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, қылмыстық жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, өкінетінін ескеріп, аталған бап бойынша ғана жаза тағайындауыңызды сұраймын, – деді ол.
Қаржаубай Нұрымовтар тарапы сотталушы Равиль Сәкиевтен 150 млн теңге талап еткен еді. Адвокат мұны “еш негізсіз” деп таныды.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.