×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

Қылмыс құрамы жоқ, 15 жыл тым қатал жаза – Шерзат сотындағы кезекті адвокаттың сөзі

02.06.2025, 15:56
Қылмыс құрамы жоқ, 15 жыл тым қатал жаза – Шерзат сотындағы кезекті адвокаттың сөзі
скриншот

Шерзат Полат сотында жарыссөз жалғасып жатыр. Бұл жолы ағалы-інілі Тоқтаубаевтардың адвокаты Гүлмира Бабажанова сөз сөйлеп, екеуіне тағылған айыпты жеңілдетуді, әйтпегенде тіпті ақтауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокаттың айтуынша, қылмыстық іс барысында пышақтың екі соттталушыда болғаны көрсетілмеген. Сол себепті адвокат “қару қолдану арқылы” Тоқтаубаевтар қылмыс жасады деген айыптау негізсіз екенін айтады.

Мемлекеттік айыптаушының менің қорғауымдағы Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл сұрады. Тоқтаубаевқа былтыр 7 жыл бас бостандығын айыру жазасы (басқа іс бойынша) тағайындалды. Алайда сот үкімі заңды күшіне енбей тұрған кезде, яғни 2024 жылдың қазан айында жаңа қылмыс жасаған. Осыған байланысты заңға сәйкес, алдыңғы үкім заңды күніне енбей тұрып жасалған жағдайда жаза қылмыстар жиынтығы негізінде тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайда үкімдер жиынтығы емес, қылмыстар жиынтығы негізінде жаза тағайындалады. Себебі екінші қылмыс бірінші үкімнің заңды күшіне енгенге дейін жасалған. Сол себепті 15 жыл – тым қатал жаза әрі заң талаптарына сәйкес келмейді. Соттан жаза мөлшерін әділ тағайындауыңызды сұраймын, – деді адвокат Бабажанова.

Ол сонымен қатар моральдық зиянды өтеу талабын қатаң заң шеңберінде қарауды өтінді.

Құрметті сот, бұл іс қоғамның назарында. Бірақ әділ шешім эмоциямен емес, дәлелмен шығуы керек. Біз сізден заңға сүйене отырып, ҚР ҚПК 393-бабы негізінде Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаевтың әрекеттерін ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 1-бөлігімен қайта саралауды немесе қылмыстық құрамның болмауына байланысты оларды ақтауды сұраймыз. Азамат Тоқтаубаевқа қатысты “ұрлық” бабы бойынша айыптаудың дәлелденбеуіне байланысты ақтау үкімі шығаруды сұраймын, – деді адвокат.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары