×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

Дипломаттар Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтара ала ма

02.06.2025, 17:34
Дипломаттар Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтара ала ма
Ашық дереккөзден

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІС ПРОКУРАТУРА БАҚЫЛАУЫНДА

Ulysmedia.kz тілшісі қойған сұраққа жауап берген СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство бұл бағытта барынша жұмыс жүргізгенін, ендігі істі бас прокуратура қадағалап отырғанын айтты.

– Бұл бағытта жұмыс Бас прокуратура арқылы жүргізіліп жатыр. Ақпарат алу үшін сол мекемеге жүгінген жөн. Біз өз тарапымыздан қажеттінің бәрін жасадық. Ендігі ақпарат прокуратура арқылы беріледі, – деді СІМ өкілі.

ДИПЛОМАТТАР БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР

Сонымен қатар Смадияров Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанның Қытайдағы дипломаттары жыл сайын барып көріп тұратынын айтты. Бұл – шетелде сотталған барлық азаматтарға қатысты міндетті рәсім.

– Бұл – консулымыздың жыл сайынғы қалыпты міндеті. Шетелде түрмеде отырған азаматтарымызды барып көреді, – деді СІМ өкілі.

АҚЖАРҚЫН ТҰРЛЫБАЙДЫҢ ІСІ

Қытай соты 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында Малайзияға ұшқалы тұрған жерінде есірткіге қатысты тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. 2016 жылы Гуандунь қаласындағы апелляциялық сот оның өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы шешім шығарған.

Серіктес жаңалықтары