Астрономдар жер орбитасынан шықпай-ақ күннің ең жоғары дәлдіктегі бейнесін түсіріп алды. Суретті АҚШ-тағы "Үлкен Аю" обсерваториясы таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жетістік АҚШ-тағы "Үлкен Аю" обсерваториясында орналасқан Goode Solar Telescope телескопының жетілдірілген бейімделмелі оптика жүйесі арқылы мүмкін болды.
Нәтижесінде бұрын-соңды болмаған айқындыққа қол жеткізілді – телескоп күн бетіндегі өлшемі небәрі 63 шақырым болатын нысандарды түсіре алды. Салыстыру үшін айтсақ, бұған дейінгі шектеу шамамен 1000 шақырым болған. Бұл күн тәжіндегі құрылымдар, протуберанцтер мен ілмектерді теориялық деңгейде ғана мүмкін болған анықтықпен көруге мүмкіндік берді.
Goode телескопына орнатылған Cona жүйесі атмосфералық бұрмалауларды өтеу үшін өзінің айнасын секундына 2200 рет пішінін өзгерту арқылы түзетіп отырады. Осылайша күн тәжінің бейнелері телескоптың теориялық шегіне жуық айқындықпен алынуда.
Қазір осындай жүйе көлемі үлкен жаңа телескопқа да жасалып жатыр. Бұл келешекте күннің одан да нақты суреттерін түсіруге жол ашады.