×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

Қаржы пирамидасы салымшылардың 21 миллиард теңге қаржысына талан-таражға түсірген

03.06.2025, 10:59
Қаржы пирамидасы салымшылардың 21 миллиард теңге қаржысына талан-таражға түсірген
ulysmedia коллажы

Қаржы мониторингі агенттігі «Amanat Drive» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 21 млрд теңгеден астам қаражатты талан-таражға түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұйымдастырушылар халыққа тұрғынүй мен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуды ұсынған.

Бірақ уәде ішінара орындалған. Мүлік негізінен күдіктілердің туыстары мен жақын таныстарына берілген. Қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам адамнан 21 миллиард теңге қаржы жинаған, - делінген хабарламада.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қаржыны заңдастыру үшін жеке фирмаларды пайдаланған. Тергеу дерегінше, күдіктілер 1,8 миллиард теңге қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қылмыстық жолмен келген ақшаға астанадан жеке үйлер, пәтерлер мен қымбат автокөліктер сатып алынған. Оның ішінде HUMMER H2 және Lexus LX570 көліктері бар. Олар тәркілеудің алын алу мақсатында өзге адамдардың атына тіркелген, - делінген қаржы мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Басты күдіктілер қамауға алынған. Олардың есеп-шоттары мен мүлкі бұғатталған.

Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанда кейінгі айларда қаржы пирамидасына қатысты алаяқтық фактілері артқанын хабарлаған.

Бұл ұйымдар инвестициялық компания, криптовалюталық жоба және сауда платформасының атын жамылып, халыққа қауіпсіз табыс табуды ұсынады.
 

Серіктес жаңалықтары