×
511.67
582.38
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.67
582.38
6.53

Шерзат сотының үкімі шығатын күн белгіленді

03.06.2025, 12:21
Шерзат сотының үкімі шығатын күн белгіленді
Ұлысмедиа коллажы

Сотталушылар сотта соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта соңғы сөзін сөйлеген сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Басты сотталушы саналатын Равиль Сәкиев пен Абзал Шынасыл да кінәсін жартылай мойындады. Қалған сотталушылар судьядан әділ шешім шығаруды өтінді.

ҮКІМ КҮНІ

Судья Ержан Жанұзақов үкімді 5 маусым сағат кешкі 16.00 уақытына белгіледі.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Кешегі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары