×
511.67
582.38
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.67
582.38
6.53

Қаржы министрлігі шенеуніктердің аста-төк кортежі туралы не дейді

03.06.2025, 12:40
Қаржы министрлігі шенеуніктердің аста-төк кортежі туралы не дейді
ЖИ / ulysmedia.kz

Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбейіл шенеуніктерді алып жүретін кортеждерге қатысты сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкіметтегі брифингте журналистер қазақстандық шенеуніктердің кортеждері көбінесе тым сән-салтанатты көрінетінін атап өтті. Мысал ретінде олар Алматыда таяуда байқалған бір кортежді келтірді. Шенеуніктен бұл әрекетті салық төлеушілердің есебінен жасалған артық сән-салтанат деп санай ма деген сұрақ қойылды.

– Мен бұл кортеж туралы видеоны көрген жоқпын. Бұл – әкімдіктің құзырындағы мәселе. Қандай көліктер болғанын көрмедім. Егер бұл тым сәнді көліктер болса және бюджет есебінен алынған болса, онда бұл артық деп есептеймін. Бюджеттен қаражат тек отандық көліктерге ғана бөлінеді. Мемлекеттік сатып алулар порталында көлік сатып алуға қатысты мәліметтер ашық жарияланған, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде “Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдының кортежі” деген видео тараған болатын. Алайда артынша әкімнің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды
 

Серіктес жаңалықтары