Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың басынан бері ұлттық қордың көлемі шамамен 1 трлн теңгеге азайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржы министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша ұлттық қорға түсімдер туралы есеп жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері ұлттық қордың көлемі 34,73 трлн теңгеден 33,86 трлн теңгеге дейін қысқарған. Яғни, қор шамамен 1 трлн теңгеге азайған.
“Курсив” мәліметінше, бес айдың ішінде қорға 1,77 трлн теңге түскен. Бұл қаржының басым бөлігі мұнай секторынан жиналған салықтардан құралған. Ал осы кезеңде қордан 2,63 трлн теңге алынған: оның ішінде 2 трлн теңге – бюджет тапшылығын жабуға арналған кепілдендірілген трансферттерге, 620 млрд теңге – маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталған нысаналы трансферттерге, 18,9 млрд теңге – қорды басқаруға жұмсалған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, өткен жылдың соңында сарапшылар Қазақстан экономикалық тұрақтылық үшін ұлттық қордан қаражат алуды тоқтату керек деген пікір білдірген болатын.