Синоптиктер маусым айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУА РАЙЫ
Ауа райы әр қилы болады деп күтілуде. Атмосфералық айналымның жазғы ерекшеліктеріне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: салқын және ыстық кезеңдер алмасып, жаңбыр, жекелеген күндері қатты жаңбыр және найзағай, бұршақ, қатты жел болады. Кейбір күндері шаңды дауылдар да болуы мүмкін.
БІРІНШІ ОНКҮНДІК
Маусымның бірінші онкүндігінде жоғары температуралық фон әсерінен Қазақстанның барлық өңірлерінде жиі қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Тек кейбір күндері тропикалық ауа массаларының орнына салқын атлантикалық ауаның алмасуымен ыстық бәсеңдейді.
ӨҢІРЛЕР
Мысалы, бірінші онкүндікте республиканың батысында ауа температурасының түнде +17+22°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +20+25°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарында - түнде +18+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +20+30°С-қа дейін төмендеуі, бірақ онкүндіктің соңында күндіз температураның +25+32°С дейін көтерілуі болжанады.
СОЛТҮСТІК ПЕН ОҢТҮСТІК
Солтүстік және орталық аймақтарда ыстық бірінші онкүндіктің ортасында бәсеңдейді, температура түнгі уақытта +10+15°С-тан, қиыр солтүстікте 7°С-тан +15+20°С-қа дейін ауытқуы ықтимал, күндіз +25+30°С-тан +18+25°С-қа дейін төмендейді.
ШЫҒЫС
Республиканың шығысында онкүндіктің көп бөлігінде температуралық фон түнде +10+15°С, оңтүстікте +20°С, күндіз +22+30°С, оңтүстікте ыстықтау - +35°С шамасында болады, бірінші онкүндіктің соңында - екінші онкүндігінің басында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтілуде.
ОҢТҮСТІКТЕ 43 ГРАДУСҚА ДЕЙІН ЫСИДЫ
Еліміздің оңтүстігінде және Жамбыл облысында тіпті түнгі уақытта да күн ыстық болады, термометрлердің көрсеткіштері +20+28°С, күндіз +35+43°С дейін жетеді, алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасының шамалы төмендеуі күтілуде, күндіз +28+33°С дейін.
АЛМАТЫ МЕН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Республиканың оңтүстік-шығысында Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады, түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +30+35°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде +2+7°С-тан +7+12°С дейін, күндіз +10+15°С-тан +20+25°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында күндіз +25+30°С күтіледі.
ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ОНКҮНДІК
Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+40°С дейін, қиыр оңтүстік-батыста, оңтүстікте +43°С дейін көтеріліп, салқын күндерде +22+27°С дейін төмендейді.
Елдің солтүстік жартысында, орталықта және шығыста ауа температурасының түнде +15+23°С -тан +2+10°С -қа дейін, күндіз +25+38°С -тан +15+27°С -қа дейін ауытқуы күтіледі.