Байқоңырдағы бірқатар туристік нысандар Қазақстанға қайтарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақпарат мәліметінше, премьер-министр Олжас Бектеновтің депутат Болат Керімбектің сауалына берген жауабында ғарыш айлағындағы бірнеше туристік нысанды Қазақстан иелігіне қайтару жөнінде айтылған. Олардың қатарында:
БАҚ-та Ресей Байқоңыр айлағын пайдалану мерзімін уақытынан бұрын аяқтауы мүмкін екенін жазып жатыр. Дереккөздердің мәліментінше, ғарыш кешенін Қазақстанға қайтару 2026-2028 жылдары аралығында жүзеге асуы мүмкін. Бұндай шешім Ресейдің жоғары билігінде қабылданып қойған болуы ықтимал.
Бұған дейін Ulysmedia шолушысы Байқоңыр Қазақстанға қайтарылған жағдайда ғарыш айлағын не күтуі мүмкін екендігі туралы жазған.