×
511.67
582.38
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.67
582.38
6.53

Қазақстандағы АЭС құрылысын Қытай қаржыландыруы мүмкін

04.06.2025, 09:15
Қазақстандағы АЭС құрылысын Қытай қаржыландыруы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Қытайдың CNNC компаниясы Қазақстанда АЭС салу жобасын жүзеге асыру үшін Ресеймен бәсекелестігін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшылардың айтуынша, Ресей Қытаймен баға жағынан бәсекеде ұтылып жатыр. Мұндай пікір шетелдік мамандар арасында да, Қазақстанда да жиі айтыла бастады. Оның үстіне, елімізде ірі жобалардың бірінің күтпеген жерден тоқтап қалуы Бейжіңнің ұстанымын күшейтті. 2024 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу туралы келісімге келген болатын. Алайда Мәскеу жабдықтарды қаржыландыруда қиындықтарға тап болды.

Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафоновтың пікірінше, АЭС пен ЖЭО салу жобалары өзара байланысты.

– Әрине, АЭС пен үш ЖЭО-ның құрылысы жобалары өзара байланысты. Бұл байланыстың мәні – жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуде. Егер CNNC компаниясы АЭС жобасының вендоры ретінде таңдалса, онда жобаны қытай банктері қаржыландырады деген сөз, – дейді Агафонов “Караван” басылымына берген сұхбатында.

РЕСЕЙДІ ЫҒЫСТЫРУ

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Қытай Қазақстандағы ядролық жоба бойынша Ресейден басым түсіп келе жатқанын айтқан болатын. Мұндай қорытындыны қос тараптың "бағалық" ұсыныстарын зерттеген сарапшылар жасады.

Серіктес жаңалықтары