×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

QazVac-тан басқа ештеңе жоқ: Қазақстан жылына 1 трлн теңгеге шетелден дәрі-дәрмек сатып алады

04.06.2025, 14:30
QazVac-тан басқа ештеңе жоқ: Қазақстан жылына 1 трлн теңгеге шетелден дәрі-дәрмек сатып алады
Ұлысмедиа коллажы

Мәжілісте халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген аудит қорытындылары қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СМАЙЫЛОВ НЕ ДЕЙДІ

Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген аудит аяқталғанын жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәжілістің жалпы отырысында баяндады. Оның айтуынша, азаматтар үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. 2024-2025 жылдары жүргізілген екі аудит нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде бірқатар өзекті мәселелер мен кемшіліктер анықталған. Олар ғылым мен өндірістен бастап, нормативтік реттеу мен халыққа дәрі-дәрмек беруді ұйымдастыруға дейін барлық деңгейде кездеседі.

Қазақстанның фармацевтика нарығының көлемі 2024 жылы 1,2 трлн теңгені құраса, оның 84%-ы – шетелдік өнім. 2022-2024 жылдары медицина ғылымын қаржыландыруға 58 млрд теңге жұмсалған. Алайда биомедициналық зерттеулерді тіркеу жүйесі мен клиникалық базалар тізілімі әлі де жасалмаған. Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі өте төмен. Соңғы он жылда елімізде небәрі екі түпнұсқа отандық препарат тіркелген. 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғанына қарамастан, олардың біреуі Ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Мемлекет отандық фармацевтиканы дамыту үшін ауқымды көлемде жеңілдіктер мен преференциялар береді. Соңғы үш жылда осы салаға берілген преференциялардың жалпы көлемі 148 млрд-қа жетті. Сонымен қатар Бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілердің өнімін 10 жыл бойы сатып алуға кепілдік беретін ұзақ мерзімді шарттар жасайды. Мұндай сатып алу көлемі соңғы бес жылда 69 млрд теңгеден 112 млрд теңгеге дейін өсті.

Отандық тауар өндірушілерден сатып алудың жалпы көлемінің өсуіне қарамастан, отандық компаниялар жеткізетін дәрі-дәрмектер ассортименті 968-ден 507-ге дейін, яғни 2 есеге жуық азайған. Басқаша айтқанда, отандық тауар өндірушілер өндірісі жеңіл медициналық бұйымдар шығаруды ұлғайтқанымен, елімізде өндірілетін дәрі-дәрмектер саны қысқаруда», — деді палата төрағасы.

Жұмыс істеп тұрған 200-ден астам отандық тауар өндірушінің 34-і ғана ұзақ мерзімді шарттар түрінде  мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана алған.

АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ СЫНЫ

Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда дәрі-дәрмек жасайды деген адамдар ары кеткен шприц немесе маска шығарады. Ол тандық өнім деген қиял ма? “QazVac-тан басқа ештеңе жоқ” дейді ол.

Серіктес жаңалықтары