×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Конституция күніне орай амнистияға кімдер ілінеді

04.06.2025, 15:03
Конституция күніне орай амнистияға кімдер ілінеді

Қазақстанда амнистия туралы заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін, 4 маусымда, Мәжілісте «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заң жобасы қаралуда. Мәжіліс депутаттарының мәліметінше, бұл заң әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне қатысты жазадан босатуды көздеуі мүмкін.

АМНИСТИЯ 

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, амнистияға ілігуі мүмкін тұлғалар қатарына кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналар, зейнеткерлер мен кәмелет жасына толмағандар кіруі мүмкін.

– Біз бұл заң жобасын бүгін ғана жұмысқа қабылдап отырмыз. Әзірге нақты айту ерте. Алдымен – бұл әлеуметтік жағынан осал топтар. Олар – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер мен ерлер, – деді ол.

Оның айтуынша, амнистия дәстүрлі түрде қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.

КІМДЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ

Депутат амнистия сыбайлас жемқорлық, адам өлтіру, зорлау және жеке тұлғаға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдарға қолданылмайтынын нақтылады. 

Серіктес жаңалықтары