×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Ресей Байқоңырды жалға алуын жалғастырады – шарт өзгермейді

04.06.2025, 19:22
Ресей Байқоңырды жалға алуын жалғастырады – шарт өзгермейді
finobzor

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Байқоңырды жалға алу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шенеунікке Қазақстан Байқоңырды жалға беру шарттарын қайта қарастыра ма деген сұрақ қойылды. Министрдің жауабы қысқа да нұсқа болды:

Біз жалға алу шарттарын қайта қарастырудың қажеті жоқ деп есептейміз, өйткені келісімшарт 2050 жылға дейін күшінде. Арендалық төлемдер тұрақты түсіп жатыр. Жалпы, Қазақстан осы уақытқа дейін 3 миллиард доллардан астам қаржы алды, – деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін бірқатар ресейлік БАҚ Ресей билігі Байқоңырды пайдалануды мерзімінен бұрын тоқтатуды талқылап жатқанын хабарлаған болатын. Басылым мәліметінше, ғарыш айлағын Қазақстанға толықтай қайтару туралы шешім 2026–2028 жылдар аралығында қабылдануы мүмкін. Бұл бастама жоғары деңгейде қолдау тауып, Сыртқы істер министрлігі мен «Роскосмос» сияқты негізгі құрылымдарға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары