×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Қазақстандағы инфляция болжамы нашарлады

05.06.2025, 13:39
Қазақстандағы инфляция болжамы нашарлады
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстан Ұлттық банкі мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11,3%-ға жеткенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Соңғы айларда бағаның өсуіне негізгі түрткі болып отырған фактор – қызмет көрсету секторындағы инфляция. Бұл, ең алдымен, реттелетін тарифтер мен нарықтық қызметтердің айтарлықтай қымбаттауымен байланысты. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары бойынша да бағаның өсу қарқыны күшейген.

Мамыр айында айлық инфляция 0,9% болып, тарихи орташа көрсеткіштен едәуір асып түсті. Базалық инфляция жылдық есепте 10,1%, ал маусымдық әсерден тазартылған инфляция 11,4% деңгейінде тіркелді.

Мұның бәрі – тұтынушылық сұраныстың, өндірістік шығындардың артуы, сондай-ақ фискалды ынталандырудың жалғасуы жағдайында бағаға қысымның сақталғанын көрсетеді. Халықтың инфляциялық күтулері де жоғарылап, мамырда 14,1% болды. Бұл көрсеткіш сәуірде 12,2% болған еді. Мұның өзі инфляцияның алдағы бағытына қатысты белгісіздік пен тұрақсыздықтың сақталып тұрғанын аңғартады, – делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Инфляция болжамы қайта қаралды

Ұлттық банк 2025 және 2026 жылдарға арналған инфляция болжамын жоғары бағытта қайта қарады:

  • 2025 жылы инфляция 10,5–12,5% аралығында болуы мүмкін;

  • 2026 жылы – 9,5–11,5% деңгейінде болжанып отыр;

  • 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,5–7,5% дейін төмендеуі ықтимал.

Бұл — ақша-несие саясатының қатаң сипатта сақталуы мен алдағы салық-бюджет консолидациясы аясында бюджеттік ынталандыру шараларының біртіндеп қысқаруының нәтижесі ретінде қарастырылып отыр.

«2025–2026 жылдарға арналған инфляция болжамының жоғары қарай қайта қаралуы бірқатар факторларға байланысты: азық-түлік бағасының өсуі, ішкі сұраныс тарапынан инфляциялық қысымның артуы және мұнай бағасының төмендеуі. Болжамға төнетін негізгі тәуекелдер ретінде ішкі сұраныстың күшеюі, сыртқы инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы сақталып отыр», – делінген хабарламада.

Контекст

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 5 маусымда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары